понедельник, 30 июня 2014 г.

        2014 жылдың мамырдың 21- күні сағат 10-00.  А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының мемлекеттік тіліндегі әдебиеттер бөлімінің  қызметкерлері көрнекті жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің 120 жылдық мерейтойына арнап «Ұмытылмас ұлы есім» атты еске алу кешін ескерткіш алаңында өткізді. Поэзия, проза, драматургия саласында қалам тербеген Бейімбет Майлиннің шығармашылығы осы шараға арқау болды.
Еске алу кешіне Қостанай облысының қазақтың белгілі ақыны Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет, жас ақын, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Нұрболат Меңдібай және аспирант, доцент, 45 оқулықтың авторы,  қазіргі кезде  №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі және қазақ халық ақыны, біздің жерлесіміз Омар Шипиннің кіші немересі  Шипин Мұхаметқали Мырзағалиұлы қатысты. 
Қонақтар Бейімбет Майлинның өмірбаянын зерттеушілер «жарқын болашақ» құру жолында оның қандай азапты бастан өткергенін айтып берді.
          Іс-шараға №2 лицей-мектебі мен №8 орта мектебінің оқушылары, тұрақты кітапхананың оқырмандары қатысты. Кітапхана қызметкерлері Бақытгүл Тлемісқызы мен Әлия Бақытжанқызы Бейімбеттің жалынды жырлары мен әңгімелері, өмірі, қайраткерлігін сөз етті. Шараға мектеп оқушылары да дайындықпен келген екен. Балалар ақының өлеңдерін оқып, пікірлерін білдірді. Сонымен қатар  ҚМУ қазақ филология факультетінің ІІ - курс студенттері Тамсытбаева Жадыра мен  Жүзтаева Нұрзат Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінен үзіндіні дайындап көрсетті. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий