ГДБ им. А.С. Пушкина

«Ұмытылмас ұлы есім»

(Б. Майлинның туғанына 120-жыл толуына арналған еске алу кеші)
       Қайырлы күн қадірлі әдебиет сүйер қауым, ұстаздар мен қонақтар!
      Добрый день уважаемые наши гости и постоянные читатели нашей библиотеки!
Жүргізуші1: Біз бүгін қилы заманда туып, қиямет кешіп, мерт болған ғазиз жанның атын ардақтап, аруағын ұлықтауға жиналдық. Бүгін сіздер 44 жыл ғұмыр кешіп, 1937-1938  жылғы сталиндік репрессияның құрбаны болып «халық жауы»  атанған, кең құлашты ақын, жазушы, прозаик, драматург, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің 120-жылдығына арналған «Ұмытылмас ұлы есім»  атты еске алу кешіне келіп отырсыздардар!
Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады, - деп ұлы Абай айтқандай, оның қазасы туған еліне өзгеше өкініш болды. Аз ғұмыр кешсе де соңына мол мұра қалдырған, өнерімен де, өмірімен де өшпес өнеге болған Бейімбет Майлин біз үшін мәңгі жас күйінде. (гүл шоқтары Б. Майлин ескерткіші алаңына қойылады)

       Жүргізуші 2:  «Битва займется — меня там ищите!» — так определил цель своей жизни Беимбет Майлин в одном из стихотворений. Классик национальной литературы, Беймбет  Майлин внес заметный вклад в становление почти всех ее жанров. Его перу принадлежит около двухсот пятидесяти поэтических, более ста прозаических, драматических произведений и оперных либретто. Его пьесы «Фронт», «Шуга», «Порядок Талтанбая», «Мулла Шаншар» и сейчас идут на сценах театров. Б. Майлин был соавтором сценария первого казахского художественного фильма «Амангельды». Но наиболее  ярко его талант проявляется в жанре рассказа, в стихотворных фельетонах и повестях.
Жүргізуші 1:  Алаш арысы – Бейімбет Майлинды еске алуға жиналған қонақтарымызбен таныстырып өтейін.
1. Қазақтың белгілі ақыны, жазушы, журналист, филология ғылымының докторы, ҚМУ профессоры Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет; 
2. Жас ақын, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Нұрболат Мешітбай;
3. Қазақ және орыс тілі мен әдебиетінің маманы, аспирант, доцент, 45 оқулықтың авторы,  қазіргі кезде  №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі және қазақ халық ақыны, біздің жерлесіміз Омар Шипиннің кіші немересі  Шипин Мұхаметқали Мырзағалиұлы.
Құрметті қонақтар! Сөз кезегі А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі, бүгінгі кештің ұйымдастырушысы  Чийпеш Елена Васильевнаға беріледі.
1-қонақ: (Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы)
2-қонақ: (Нұрболат Мешітбай)
3-қонақ: (Шипин Мұхаметқали Мырзағалиұлы)
Жүргізуші 2: Сіздердің  алдарыңызда  ҚМУ қазақ филология факультетінің ІІ - курс студенттері Тамсытбаева Жадыра мен  Жүзтаева Нұрзат Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінен үзіндіні дайындап көрсетпек. Көрініс «Шұғаның белгісі».
       Жүргізуші 1:  XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқан аса көрнекті жазушы, ақын Бейімбет Майлин. Бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде дүниге келді. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған.
Жүргізуші 2: Хохлов Никита ученик школы-лицей  №2 прочитает стихотворение известного кустанайского поэта  Акылбека Шаяхметова посвященное Беймбету Майлину. Встречайте!
1-оқушы: Тобол течет сквозь лето, 
И солнце обнимает Беимбета. 
Носил он гордо жизненную ношу, 
Достойную великого поэта, 
Его припомнив, тополь серебристый 
Дыханьем ветерка качает листья. 
Как будто бы вчера, сам Би-ага 
Здесь отдыхал под кроною тенистой. 
Я тоже рос в груди степи широкой 
И с детства познавал ее уроки. 
Не знал бы я величия степи, 
Когда твои бы не читал я строки. 
С твоим, ага, героем Мыркымбаем 
В одном строю уверенно шагаем. 
Потомки Раушан, Шугы, Жалбыра, 
О светлой жизни мы стихи слагаем. 
Ты ввысь взлетел — рукою не достать, 
Такой полет лишь соколу под стать, 
И словно Сокол, ты в гнездо родное 
К нам возвратился, Би-ага, опять!

          Жүргізуші 1:  Бейімбет Майлин жастайынан ән салып, өлең шығарды, өнерге әуестенумен бірге саяси тартысқа де ерте араласты. Қазан төңкерісінің от жалынына өртене жүріп, «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады...
2-оқушы:  «Жастарға» 
Басқа жұрттың жаңа өспірім жастары...
Күшті жұмсап, ел болудың қамына,
Қолды созып атам қазақ тағына.
Алты алаштың жас буынын шақырып,
Жүр десек те, қол ұстасып жабыла.
Бірі жатыр болыс болып шіреніп,
Біреуі жүр ауылнай боп тіленіп.
Ең төмені тілеп алған песірлік,
Аз нәрседен олжа тауып, тіл еміп.....
Қай уақытта бірігеді бастары,
Бәрінің де ойлағаны бас қамы.
Дүрілдетіп істі қолға алып тұр,
Басқа жұрттың жаңа өспірім жастары...

3-оқушы:  “Қазаққа”
 Келді теңдік, туды теңдік басыңа, 
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа. 
Туысқандық, құрдастыққа асыға – 
Алалықты араңдағы жой, қазақ! 
Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма! 
Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да! 
Азын-аулақ миың болса басыңда, 
Партия, штат, дау-шарыңды қой, қазақ!

4-оқушы: «Қара түн» 
Арпаласып, алысып, араласып,
Шын ердің сыбаға алған күні болған.
Ел күйі жөні бөлек жыр боп қалды,
Кеткен соң сыпырылып бары қолдан.
Сыйы жоқ, сиқы да жоқ жұртқа келді,
Еліңнің, еріңнің де кешегі оңған.
Құлдық, қорлық әкелдің тұяқ тиіп,
Еркіндік, елге теңдік қайда қалған?
Әсершілеп, ел азып кетті білем,
Ер деген сөз шынымен болып жалған.
Иекте сақал, ілбиген бөріктінің
Ел жайынан жыры жоқ көңілге алған.
Бой тасалап, қорғалап, күн өткізіп,
Уа, дариға! Көбейді көңілде арман!

5-оқушы:  «Көңіліме»
... Тоқта, көңілім, жабырқама жабығып,
Жаман өсек қалмасын маған тағылып.
Менің дағы ойлаған бір халым бар,
Тек жатқам жоқ жалқаулықты жамылып.
Қазақ деген ағайынды елім бар,
Милионшы байлары бар біткен мал.
Әзіріне әуре боп тұр штатпен,
Оқу- өнері іздер емес, құрымай шар,- дейді жас ақын.

Жүргізуші 2: Страшная трагедия прошлого века коснулась почти 4-х миллионов казахстанцев.  Репрессии 1937 года... в списке «врагов народа» попали умные образованные люди, много сделавшие для своей страны. В молохе репрессий погибли известные писатели и поэты  Б. Майлин, Шәкірім Кудайбердиев,  Ильяс Жансугуров, Мыржакып Дулатов, Мухамеджан Тынышпаев,  Магжан Жумабаев и другие. 
        Многих представителей интеллигенции ждали аресты, расстрелы и лагеря. Репрессиям подверглись и те, кто боролся за установление Советской власти в Казахстане.
      Жүргізуші 1: Арыстарға жасалған қиянат. Аналар басына түскен зобалаң. Азапты өмір. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилер. Көптен күткен арайлы таң шапағын шашып, нұрын септі. Халқымыздың айы оңынан, жұлдызы соңынан туып, 1957 жылы Бейімбет Майлин толығымен ақталды. 
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, рухы биік, алаштың асқақ арысы, ұлт көсемі, біртуар Бейімбет Майлинды еске алу кеші аяқталып келеді. Біздің мақсатымыз ұлт жанашырын еске ала отырып, өз арманы жолында халқына қалтықсыз еңбек сіңірген Бейімбеттің еңбектерін насихаттау болып табылады. Ұлы ғұмыр үлгісін 120–шы жыл еске алып отырмыз. Бейімбет мұрасы, Бейімбет ерлігі бүгін және мәңгілік баршамызға рухани азық болып қала бермек. 
Жүргізуші 2: Сегодня мы почтили память общественного деятеля, поэта, прозаика, Беимбета Майлина, который много сделал для того, чтобы Казахстан стал свободным и независимым, и мы призываем изучать его произведения, которые он посвящал нам, будущим потомкам. Приходите в ГДБ им. А.С. Пушкина, где вы найдете интересующую вас информацию о жизни и творчестве казахского классика. 
         Уважаемые гости! На этом мы завершаем наше мероприятие, посвященное легендарному поэту, прозаику Беимбету Майлину,  внесшего неоценимый вклад в развитие национальной литературы. Разрешите поблагодарить всех присутствующих за внимание и выражаем большую благодарность гостям нашей встречи. До новых встреч!

Пайдаланған әдебиеттер:

Дулатов, М. Ж. Тіршіліктің қызығы адамзатқа жақсылық жасаудан көрінеді [Мәтін] / М. Дулатов // Ақиқат. - 2009. - №9. - 2-3бет.
Тасболатұлы,  Ж. Репрессияға ұшыраған қазақ руханияты  [Мәтін] / Ж. Тасболатұлы //Ақиқат. - 2013. - №4. - 44-49 бет.
Оспанов, С. Жанашырлықтан туған жан айқайы [Мәтін] / С. Оспанов //  Жас өркен – Қостанай. – 2010. - №3. - 12-15 бет.
Имаханбет, Р.  Маңызы зор мәлімдемелер [Мәтін] / Р. Имаханбет //  Жас өркен – Қостанай. – 2012. - №5. - 6-8 бет.
Бейімбет Майлин [Мәтін] // Жас өркен - Қостанай. - 2014. - №1. -1 бет.





Комментариев нет:

Отправить комментарий