СП "Узкоколейный"

«Түған өлке тұлғалары. 


                                (қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлинге – 120 жыл )                                                                                                                                                                                                                                                                                  
Форма мероприятия: тарих сағаты час истории
Цель мероприятия: познакомить с жизнью и творчеством казахского писателя Бейімбета Майлина; способствовать читателей к уважению к казахстанской классике, пробудить интерес к чтению.
Оборудование: тематическая полка: «Бейімбет – қазақ әдебиетінің жұлдызы»
Категория участников: взрослые
Содержание мероприятия: Сәлеметсіздер ме құрметті оқырман! Біз сіздерді  қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлинның туғанына 120 жыл толуына тарих сағатына   шақырып отырмыз. Көрнекті сөз зергері Бейімбет  Майлиннің туып – өскен елі казіргі Қостанай облысының Таран ауданы талай ақындар мен батырлардың, билердің атамекені. Ел аузында жүрген шежіре деректеріне жүгінсек, Қарабалық Қыпшақтан Шоманақ, Қарсақ, танабұға,  Жолыншы және Жолжақсы тараса, Жолыншыдан Сопы, Сопыдан Қарта туады. Жантілес Жолжақсының баласы. Қартадан Қошқар, Жауар, Мамажар, Мәметек, Әлеке және Әлігеш туады. Жабағы батырдың ата тегін одан әрі таратсақ, Қошқардан Тәуке, Тәукеден Сыма, Сымадан Тоқмәмбет, Ақжігіт, Ақмәмбет. Абылай ханнан бата алған, ақжолтай батыр атанған Түгел батыр осы Ақжігіттің баласы.
           Түгелден Ипан, Ипаннан Жабағы батыр туған. Яғни, батырдың немересі де атаға тартып батыр болған. Батыр болайын деп ойламаған да шығар, айқасы мен шайқасы көп қысылтаяң заманы қанына тартып туған ұланды батыр қылған.
Ақжігіт көркем сөздің зергері Бейімбет Майлинің түп атасы. Таратып айтатын болсақ, Ақжігіттен Өтеген, Қожық, Түгел, Атан, Жобал туады. Атаннан Тәукебай, Тәукебайдан майлы, Майлыдан Жармағамбет, Жармағамбеттен Бейімбет. Сүйтіп батыр туғызған ел ақын да туғызған.
Түгелдің тарихының өзі аса қызық. Ақжігіттің келіншегі босанып, ұл тапқанын естіген жұрт сол кезде Хан ордасына жақын болған Ақжігіттің баласына ат тауып қоя алмайды. Сонда ханның өзі: «Ақжігіттің баласы маған да бала болады, ендеше баланың атын өзім қояйын, есімі Түгел болсын!
           Төрт құбыламызды түгендеп жүрсін!» - деп батасын беріпті. Түгел ер жетіп, жорықтарға қатысып, ерлігімен таныла бастайды. Жас жігіттің қысылтаяңда жау қашырған осындай бір ерлігіне ырза болған Абылай хан оған: «Не қалайсың? Қаласаң, бағымды да, тағымды да берейін десе керек. Сонда Түгел: «тағыңызды не қылайын, тақсыр, маған бағыңыз да жетеді. Бірақ, Алла – тағаланың берген бағы басыңыздан аумасын!» - деп жауап беріпті.
Бейімбет Майлин «Бай ермегі» деп аталатын өлеңінде (Б. Майлин. Ел сыры. Алматы: «жазушы» баспасы, 1994 жыл, 90 бет) осы өлеңнің кейіпкері Жұмағазы ақсақалдың аузымен Түгел батыр туралы кепті тілге тиек қылады.

«Түгел батыр қазақтың серкесі екен,
Алақанға салатын еркесі екен.
Ел қоңысы ол кезде Сыр, қуанда,
Құмды, шөлді, сонарды қылған мекен.
Түгел десе түп – түгел ақыл-қайрат,
Булыққан жігер-күші бойда қайнап.
Қатарын бала күннен басып-озып,
Қайтпайтын болат болып шыққан жайнап».

Түгел батырды Би-ағаң жаужүрек батыр ғана емес, елді соңына ерткен ақылы асқан ер есебінде сипаттайды:

«Түгел» деген дауысы жерді жарды,
Ер азамат, бағыланды ертіп алды.
Сарыарқадан бір кәпір қоймаймын деп,
Қалың қалмақ еліне ойран салды.
«Түгел» десе әруақ қаптап кетті,
Қалың қосын қалмақты таптап кетті.
Қызын күң қып, ұлдарын құл қып айдап,
Қалың қазақ Арқаға қоңыс тепті.
Желбіреген шұбар ту жығылмады,
Үдей берді қалмақтыңшұбырғаны.
Сарыарқаға қазақты орнатпақ боп,
Кеудесінде барында шыбын жаны.
Сарыарқаға қазақ кеп қоңыс алды,
Мал жайылып, семіріп, өріс алды.
Ел құтылып егескен қалың жауадан,
Береке орнап, аз уақыт тыныс алды.
Төрт түлік мал қыбырлап сыймай кетті,
Қызық дәурен сүретін мезгіл жетті.
Ас пенен той атаның мұрасы боп,
Алға салды қадірлеп би мен бекті!

            Б. Майлиннің бұл өлең» 1923 жылы наурыз айында ауылда, яғни, Түгел батырдың ел-жұрты тұрып жатқан атамекенде жазылған.
           Түгелден Ипан мен Жәнібек туса, Түгелдің Абылай хан өз қолынан берген жорық туы кенже балада қалған. Жәнібектен Қарақұл, Қарақұлдан Күсіп, Күсіптен Мырзағали туады. Мырзағалидың Сақтаған және Хасен есімді екі баласы болған.Хасен бұл күндері арамызда жоқ. Аталған сарыала ту оның жұбайы, таран ауданының орталығында тұрып жатқан Ысқақова Зағипа апай күтіп отырған батыр ұрпағының шаңырағында сақтаулы. Көненің көзін апай біздерді танып, дәретін алып, Құран оқытып барып көрсетті. Қобдиша ішінде жатқан ту күн көзіне көрсетіп ұстаса үзіліп кетердей сүзіліп түр. Туды көрген адамның бойында жігер пайда болады, көз алдыңа самсаған қалың қолдың алдында кетіп бара жатқан батырдың өзі келгендей әсер қалады. Көнеден қалған екі бірдей жәдігер Түгел батыр мен Жабағы батырдың ұрпағы Рақымберген ақсақалдың үйінде сақтаулы. Жақында көненің көзі болған Рақымберген ақсақал да фәниден бақиға озды. Өтеміс қалабаев пен Асылбек Тәшбаев ақсақалдар жазып қалдырған шежіреге эәне Рақымберген ақсақалдың деректеріне сүйенсек, Жабағы батырдың баласы Бердалыдан Кенжебайдың баласы. Жабағы батырдың туы және өзі ұстанған кісесі осы шаңырақта. Түгел батырдың туы үш бұрышты болса, Жабағы батыр туы төрт бұрышты. Шетіне оюлап өрнектер салынған. Тудың ортасында да өрнектер бар. Ал теріден жасалған кісенің ортасына көз қойылған. Басында ол арада асыл тас болған деп жобалаймыз. Бірақ, кейін тасы жоғалып, орнына басқа бір зат салынған тәрізді. Біздің ойымызша, бұл қастерлі бұйымдар облыстық тарихи – өлкетану мұражайына табысталуы керек.
            Абылайды хан көтерген ормандай көп Орта жүз, соның ішінде Бұхар жыраудың сөзіне жүгінсек: қара керей Қабанбай, қанжығалы Бөгембай, қаз дауысты қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек болғаны белгілі. Хан сарбаздарын басқарған қыпшақ сардарлары да аз болмаған. Бірақ, жоғарыда аттары аталған батырлардың ұрпақтарында олардың ұстаған туы қалмаған. Ал кейінгі ұрпаққа мақтаныш етіп көрсетер осындай қасиетті мұраны ғасырлар бойы жоғалтпай, сандыққа салып, сары алтындай сақтап келген Түгел мен Жабағы батыр ұрпақтарына жаратқан жар болсын дейміз.
           Би – аға өзінің көптеген шығармаларында жер атауларын да, кісі есімдерін де қаз қалпында, өзгертпей қолданған. Мәселен, «Жалбыр» повесінде (Бейімбет Майлин, «Ел суреттері» Алматы: «Жазушы», 1994 ж.) Есмолданың Тәшені деген жігіт туралы баяндай келіп: «Қазыбай, Қарақыз деген көрші отырған ел ғой. Қазыбайда атышулы Наурызбай бидің тұқымы бар, Наурызбайдың Байекесі орысша білім алып, орыс төрелерімен жақын болып, ертеректе бірнеше сайлауда болыс болып, ертеректе бірнеше сайлауда болыс болып келген адам еді. Осы Байқанның Дүйсембайымен ақтық рет таласқа түскен жолы, Дүйсембайдай » штатқа ақша шаша алмады да, Байеке болыстықтан айырылды. Соның күйігіне шыдай алмағандай сол жылы қажыға кетіп, сүйегі Меккеде қалды... Есмолданы жындандырған сол Байеке болыс. Жас жағынан екеуі құрдас болды да, өзі болыс кезінде Есмолданы атқа міңгізді. «Осы болыстық екеумізге де жетеді, атына мін, Есмолда» - деді ол. Есмолда осыны арқаланып атына мінді. Елдің қулары бір тоқтыны шығынсынбай, Есмолдаға қонақасы беретін болды. Есмолда одан әрі ескімденді. Жолы түсіп Байеке бір рет үйіне келгенде «құлын етінен басқаны жеп көрмеген құрдасым еді» - деп Есмолда оған жалғыз құлынын сойып, қонақасы берді. Сүйтіп жүріп осы Есмолданың жалғыз істеген игі жұмысы осы Тәшенді орысша оқытқандығы еді» - деп суреттейді.
          Би – ағаның айтып отырғаны түп – түгел болған оқиға, есімдері аталған кісілердің де шығармада аттары өзгертілмеген. Қазіргі Қостанай ауданының орталығы болып есептелетін Затобол ертеде Құтты алап деп аталған. Бұл туралы Бейімбет Майлин «жалбыр» повесінде атап жазған. Өкінішке орай, бұрынғы тарихи жер атауын осы күнге дейін қайтара алмай отырмыз. Тіпті Әйет өзенінің атын ана тілімізде аят деп жазып келеміз. Шын мәнісінде, аят қасиетті Құранның аяты, орыс тіліндегі нұсқасында да Айет деп жазылуы керек қой. Бейбіт ақынның «Шұбардан көшуші» едік бие байлап» - деген жолдары бар. Нұрхан Ахметбековтың «Жасауыл қырғыны» дастаны «Сазды Әйет, Сарыарқада Түйемойнақ» - деген жолдармен басталады.  Жырдағы жер атаулары Әйет пен Түйемойнақ – қазіргі Таран және Денисов аудандары орталықтарының түп атауы. Тарихи әділет қашан қалпына келтіріледі деп күткелі көп жыл өтті.
           Би – аға сауатын ашқан медіресені салдырған Қилыбаев Арғынбай қажы туралы «Егемен Қазақстан» газетінде (24 шілде, 2012 ж.) техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Шуақаев пен газет тілшісі Нәзира Жәрімбетованың мақаласы жарық көрді. Авторлар: «Әйет бойында туып, ер жеткен Би – ағаң да сауатын Арғынбай қажы негізін қалаған медіреседе ашқан. Архив құжаттары бойынша, Арғынбай қажының 30 ер балаға арналған медіресесі Торғай облысының әскери губернаторының № 1652 рұқсатымен 1870 жылы 8 сәуірде ашылады. Яғни, бұл Қостанай өңірінде  ерте ашылған білім ұясының бірі. Қостанайдағы өңірінде ерте ашылған білім ұясының бірі. Қостанайдағы атақты татар көпестері ағайынды Яушевтар мешіттің базасында 80 балаға арналған медіресесін 1905 жылы ашқан еді. Тобыл бойын жайлаған алтыбас қыпшақтар жинап берген қаржыға ағайынды Яушевтар Қазаннан шеберлер шақыртып салдырған осы мешіт және олардың өз қаржысына салған пассаж әлі күнге дейін Қостанай қаласы орталығының сәулетін келтіріп тұр.  Арғынбай қажылық парызын өтеу үшін Меккеге 1904 жылы мамырда кетіп, келер жылдың сол мезгілінде қайтып оралған... Арғынбай қажы 1926 жылы қайтыс болады. Ол өз аталарының қарта қыпшақ қорымына жерленді» - деп жазған. 
          Би – ағаның өзі мен ұстаздары туралы деректер мұражайда көрермендер көзайымына айналса нұр үстіне нұр болар еді. Жазушы шығармаларын терең зерттеген бейімбеттанушы қаламгер Тоқтар Бейісқұлов облыс орталығында Бейімбет мұражайын ашу туралы кезінде республикалық баспасөз бетінде орынды мәселе көтерді. Оның ынтасымен 2004 жылы сол кездегі республика премьер – министрі Д. Ахметовтың, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагіннің атына хат дайындалды. Хатқа есімдері елге әйгілі М. Әлімбаев, З. Қабдолов. Ә. Нұрпейісов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Т. Молдағалиев, Ө. Сұлтанғазин, К. Нұрпейісов, Г. Бельгер, Ш. Елеукенов, Ж. Исмағұлов, Ғ. Қабышев сияқты қаламгерлер қолдарын қойған болатын. Хат «Қазақ әдебиеті» газетінің 26 наурыз күнгі санында жарияланды. Алайда, бұл хат та аяқсыз қалды. 
         Облыста мұндай мұражай ашылған жағдайда, жалғыз Би – ағаң емес, осы өңірде туып – өскен басқа әдебиет және мәдениет қайраткерлері туралы материалдар да жинақталып, әдеби және мәдени өмірдің айнасына айналары даусыз.



Список использованной литературы:


1. Майлин Б. Ел сыры: Повестер, әңгімелер, өлеңдер, фельетондар. – Алматы: Жазушы, 1994. - 352 бет.

2. Майлин Б. Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы,  2012.
          Т. 11 : Б. Майлин; құрастырған Т. Бейісқұлов. – 2012. - 480 бет.               

2. Шаяхмет Ақылбек. Би – ағаның батыр бабалары / Ақылбек Шаяхмет // Жас – өркен Қазақстан. – 2014. - №1. – қаңтар. – Б. 10–11.

Комментариев нет:

Отправить комментарий