СП "Южный"

«Бейімбет Майлин – әңгіменің хас шебері»
Мерейтой кеші

Мақсаты: оқушыларды көрнекті қайраткер, қазақ  әдебиетінің хас тұлғасы Бейімбет Майлиннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру;  оқушыларға өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. 
Өткізу  орны: «Южный» ҚБ  кітапханасы. 
Көрнекілігі:  компьютер,  экран, проектор.
Аудитория:  М. Хакимжанова  атындағы   №  20 қазақ орта мектебінің  6 «Б» сынып  оқушылары.  
Өткізу уақыты: 20.05 - 13.30
Жүргізуші: Катова Г.Б
Слайд 1, 2
Жүргізуші: Қайырлы  күн құрметті оқушылар, «Бейімбет Майлин — әңгіменің хас шебері»  атты іс-шарамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кеш қазақ жазушысы Бейімбет Майлиннің 120 жыл туғанына арналған.  
Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі  Қостанай облысының  Таран ауданында кедей шаруа әулетінде дүниеге келген. Әкеден ерте айырылған  ол кішкентайынан  жоқшылық  зардабын  тартып өседі. Шешесі байдың сауыншылығында жүрсе, өзі жетіге толар-толмастан қозышы бала атанады. Ауыл молдасынан сауат ашып, хат таңыған Бейімбет ауылдағы Әбдірахан Сатыбалдин деген татар молдасынан оқиды. 
Слайд 3
Көрші ауылға барып, медреседен білім алады. 1913-1914 жылдары Троицкіде «Уазифа» мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Медреседе әдебиетке бейім жастардың «Садақ» журналы шығып тұрады. Майлин осы журналдың редакторы әрі түрақты қаламгері болады.
Алғашкы «Шұғаның белгісі» повесі 1914 осында жарияланады.
Слайд 4
1915 жылы Троицкіге, дәрігерге қаралу үшін оқуын аяқтай алмай, қайта келеді.
Осында «Айқап» журналында Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен таңысады. «Айқап» беттерінде бірнеше өлеңдер жарыққа шығады.
1916-1919 жылдары мұғалім болады.
Слайд 5, 6, 7,
1919-1921 жылдары кеңес жұмысына араласады.
1922 жылы Сәкен Сейфуллинің шақыруымен Орынборға келіп, «Енбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне қызметке турады.
1923 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» газетін шығаруға қатысады. Бұдан кейінгі жылдары ол «Ауыл», «Қазақ  әдебиеті» газетерінде редактор қызметін атқарып, кеңестік баспасөзге өз үлесін қосты. Беделді, қаламы жүйрік журналист ретінде танылады.
Слайд 8, 9
Жүргізуші: Өнеге етерлік бір мінезі балаларына жанашырлықпен  қарайтында. «Өзі аз сөйлейтін Бейімбеттің жүрттың не сөйлеп, не қойғанымен де жұмысы болмайтын  еді. Оның бұл әдеті жазу  жазып  отырған кезінде көп байқалатын. Балалар шулап  кеткен  кезінде мен әкелерің жұмыс істесін деп ұрсып, қуалап жүрсем: қоя берші, жүре берсін, ештеңе етпейді, деп тигіздіртпейтін» Гүлжамал  Майлина.
Слайд 10, 11, 12
Жүргізуші: Дарынды жазушының шығармашылығы кең арналы, сан салалы, күрделі де көрікті   әлем. Ол – сыншыл ақын, көркем прозашы, драматург, көсемсөз шебері. Оның шығармаларында қазақ ауылының, ондағы қарапайым шаруа адамдарының шынайы да сыршыл суреті бар. Майлин әңгімелерінің тақырыбы – ауыл өмірі. ХХ ғасырдың бас кезіндегі аласапыран заманды  қазақтың қабылдауы, түсінуі, халыққа жат әдет - ғұрыпты күшпен таңу, оның нәтижесі  жасушының әңгімелерінде ауыл кедейінің жаңа заманға бейімі, төселуі, қабылдауы, қазақ даласындағы өзгерістің түрлі қыры айтылады. Жазушының әңгімелерін тұтастай жиңактаса, сол кезендегі қазақ кедейінің  жан – жақты бейнесі ашылады. Қоғамдық өзгерістер тудырған қайшылықтар түрлі кейіпкер іс- әрекетінен көрінгенімен, барлығында тақырыптық, идеялық сабақтастық бар. Бейімбет колхоздасу дәуірі туралы көп жазған қаламгер. Шындық, нанымдылық колхоздастыру науқанына орай жазған шығармаларында өте  айқын көрініс берген. Осы шаруа елге не береді деп сыналай қадағалаған жазушы, әділ суреттеуден айнымайды. Заманға реніш білдіру, бұл тұста арта түспесе, кеміген жоқ. Осы тақырыпқа көп шығарма жазуы до содан болса керек. Әрине, бұл өзгеріс оңайлықпен жүзеге аспады. Асыра сілтеу, әділетсіздік, қорқытып, үркіту елді әбігерге үсірді. Мұның бәрін жазушының қырағы көзі көрмей, жүрегі сыздамай қойған жоқ.
    «Арыстанбайдың Мұкышы», «Ұлбосын», «Колхоз корасында», «Жілдыбай Жындыбаев», «Он бес үй», «Қырманда», «Көктерекің басында», «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры », «Асулардан асқанда» повесінде бұлтарыс- бұрмалаулар, ашық та жасырын тартыс, елдің күйзелуі сипатталды.Бұл өзгеріске жұрттың үрке қарауының себеперін көрсетіп береді. Ол себептер - көкейге қонбағандығы, ойдан шықпағандығы, сенімсізді туғызғандығы. Ал, Бейімбеттің ерекшелігі-жіберілген кемшіліктерді, белсенділердің бей-берекет істерін басшы қызметерлердің заңсыздық әрекеттерін бүкпесіз, еш бояусыз, жалтақсыз көрсее біліуінде. «Ұлбосын» әңгімесінде өте дерекі жолсыздық жасалғаны көрінеді. «Көктал» ауылының өкілі Ұлбосынның шешесі Шәрипаға келіп, «сізге берілетін жоспар: 10 қадақ шыртылдақ, 10 қадақ ескі темір, 10 қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір иттерісі, бір мысық терісі» дегенде, қолынан кесесі жерге түсіп, сынып, басы мың-дың күйге түседі. Орындау керек, болмаса протокол жасалып, ісі сотқа түседі деп қорқытады. Кейбіреулерге контр деп таңба тағады. Күлесің бе, жылайсың ба? Әлгі «Ұлбосын» әңгімесіндегі жұрт пікірі – «Он қарасы бардың бәрін  кәмпелескелейді екен». 
Бейімбет Майлин әңгімелері сол тұстағы аумалы - төкпелі кезеңнің жаманы мен жақсысын, пайдасы мен залалын дәл танып көрсете білуімен құнды. Жазушының сондай әңгімелерінің бірі – «Даудың басы – Дарабайдың көк сиыр».
Жүргізуші: Осы әңгімені оқыған  боларсындар. Енді сұрақарға жауап беріңіз.
Осы  әңгіменің бас кеійпкері кім? Бейімбет Майлин кедей бейнесін қалай суреттеген? Кедей шаруа өмірін қалай жазылған? Әңгіме сендерге ұнады ма?   
(Балалар өздерінің ой пікір айтуды.)
Жүргізуші: Елдің халық болып сақталуының ең маңызды бір көрінісі – өз тілінің жойылып кетпеуі. Мәдениетіміздің, әдебиетіміздің өркендеуі, ұлттық  болмысыздың сақталуы тілімізге байланысты. Тіл сақталмаса, халық барлық қасиетінен айырылады, тіпті атты да жоғалады. Бейімбет Майлин өз халықының тілінің қайнарынан сусындаған ол, барлық колоритін, көркемдік сәнін, шешендік әрін, тұнық нәрін құрметтеп, шығармаларын көңілге қонымды, санаға сіңімді етіп жаза білді. «Тіл ұстарту мәселесіне енжар қарау – біздің басты мініміз. Сөз саралауда қанша талпыныс болғанмен, кедір- бұдырлық, дөп баспаушылық әлі де жеткілікті,»- деп сөз қолдануға да сыншылдыкпен қараған. Тілімізді сақтау, оны шұбарламау, әсіресе, оған менсінбей қараушылық туралы жазылған Б.Майлиннің «Рақымбайдың мақаласы», «Перевод», «Бидеш, шалабек занит», «Олай емес», «Серый ме,керешнеби ме?» фельетон - оқшауларында әшкерлеудің әр түрлі әдіс- тәсілдері байқалады. Бейімбет Майлин ақын әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты. Оның поэзиясы түнып тұрған шындық. Майлин поэзиясында қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршіліғін терен суреттеген. Бейімбет өлендер мен поэмалары тұла бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр юморды. Жалпы Майлин ақындығының қазіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі аңықталды. Бейімбет Майлин өзіне туа біткен, табиғат сыйлаған суреткерлік талант құдіретін сөз өнерінің осы саласында,ғажаып күшпен танытты. Сөйтіп,өзінің айрықша қалам қуатын осы жанрды қалыптастыруға жұмсады, үздік шеберлігін осы жанрда көрсетті. Бейімбет  Майлин қалам қызметіне арналған бас аяғы жиырма шақты жыл ішінде жүзге тарта новелла жазған
Слайд 13
Жүргізуші: Осындай  адамды «халық жауы»  деп 1937 жылғы түрмеге отырғызылып, 1938 жылғы  26 ақпанда Бейімбет Майлин атылды. Тек  жиырма жылдан соң ақталды. Сөйтсе, еш жазығы жоқ екен.
Слайд 14
1957 жылы Бейімбет  Майлин еш қылмыстық жоқ деп танылып, ақталған кейін ол туралы,қаламғер жайында көптеген мақалалар,естеліктер жарияланып жатты. Шығармаларынан құрастырылған жинақтар шықты.   
1958 жылы бір томдық  «Таңдамалы шығармалар»  
1972 жылы Повесі мен әңгімелер
1974 жылы Шұғаның белгісі 
1994  жылы Ел сыры атаумен повестері мен әңгімелері,өлендері,фельетондары, және Тұнгыш құрбан жинағы
2001жылы Белгісіз шығармалар
2009 жылы Алтын қалам айдарымен  әңгімелері жеке кітаптар болып жарық көрді. Тарыдай шашылып жатқан дүниедей болды.
Слайд 15
Жүргізуші:  18 мамыр 1991 жылы аудан басшылығы мен ҰОС – ның ардагері Дьячков Иван Ивановичтің бастамасымен Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.
                                                               Слайд 16, 17
«Мемориалдық Б.Майлин экспозициясы» қазақ әдебиетінің классигі, ақын, драматург Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин туралы айтылады. Экспозицияда ақын жерлесіміздің қамауға алынғандағы мұрағаттық құжаттары мен оның ақталғандығы туралы құжаттар көрсетілген. Ақынның туындылары, қолжазбалары, көшірмелері, әдеби шығармалары, мемлекеттік тілдегі алты томдық шығарма жинағы, отбасылық фотоқұжаттар мен мерейтойлы фотосуреттер, барлық осындай қызықты құжаттар бұл экспозицияда көрсетілген.
                                                                Слайд 18
1994 жылы Бейімбет Майлиннің 100-ге келген тойы кезінде вокзал жанындағы аланда Бейімбет Майлинге арналып ескерткіш қойылды. Осы ескерткіш ашылғанына 20 жыл толады. Қостанайда ескеркіш ашылғанда, Ғафу Қайырбековың «Бір уыс топырақ» өлеңі оқылды.                                                                
                                    Ол Тәңірінің қасында отыратын,
                                 Адам еді-ау құрандай оқып атын.
                                 Жабыққанда жанына медеу етіп,
                                 Қайран елі әулие, пір тұтатын     

Слайд 19
Жүргізуші:Жазары да, берері де мол, қаламы жүрдек, шебер  суреткер, асқан талант иесі, ізгі жүректі аяулы азамат Бейімбеттің ғұмыр жасы  ерте үзілгенмен, есімі елінің есінде мәңгі сақталатынына сеніміміз мол.
                             Даңқың сенің қанат жайды қияға,
                             Халқың сені ұмытпайды, Би аға! –
                                деген ақын үні мәңгі болғай.

Әдебиеттер тізімі:

1. Бейісқұлов, Т. Бейімбет  Майлиннің 10 томдығы шықты  [Мәтін] / Тоқтар Бейісқұлов // Қостанай таңы. – 2011. – 8 ақпан. – Б. 4.
2. Бейісқұлов, Т. Елім деп елжіреген жүрегі [Мәтін] / Тоқтар Бейісқұлов // Қостанай таңы. – 2011. – 5 караша. – Б. 12-13.
3. Ескендір, Қ. Бейімбетің биігі  аласармайды [Мәтін] : [Тоқтар Бейісқулов сұхбат] / Қанат Ескендер // Егемен Қазақсан. – 2012. – 25 ақпан . – Б.12.
4. Қабдолов, З. Бейімбет  Майлин [Мәтін] //Тандамалы шығармалар.  Сөз өнері / Зейнолла Қабдолов. – Алматы : Санат, 2003. – Б. 406- 447.
5. Мақпырұлы, С. Бейімбет  Майлин  [Мәтін] / С. Мақпырұлы, Т. Сыдыков // Қазақ әдебиеті II бөлім : оқулық. – Астана : Фолиант, 2007. – Б. 92- 94.
6. Мұратбекова, А. Бейімбет  Майлин  [Мәтін] / А. Мұратбекова  // Айгөлек. – 2008. – № 9. – Б. 4-5. 










Комментариев нет:

Отправить комментарий